HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
HP Wireless Direct Printing параметрін реттеу (тек сенсорлы
модельдерде)
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндік сымсыз модельдерде ғана қолжетімді және өнім бұл мүмкіндікті пайдалану
үшін аппараттық құралдың жаңартылуын қажет етуі мүмкін.
HP Wireless Direct Printing мүмкіндігі сымсыз тасымалы құрылғыдан HP сымсыз тікелей қосылған өніміне
орнатылған желіге немесе Интернетке байланысты қажет етпестен тікелей басып шығаруға мүмкіндік
береді. HP Wireless Direct мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін пайдаланыңыз:
●
Apple AirPrint немесе HP ePrint ұялы қолданбасын пайдаланатын iPhone, iPad немесе iTouch
●
Android, iOS немесе Symbian жүйесінде HP ePrint Home & Biz бағдарламасын пайдаланатын
тасымалы құрылғылар
●
Кез келген операциялық жүйесі бар сымсыз компьютер.
HP Wireless Direct туралы қосымша ақпаратты
www.hp.com/go/wirelessprinting, сайтынан қарап, HP
Wireless Direct түймесін басыңыз.
HP Wireless Direct мүмкіндігін басқару тақтасынан орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы сымсыз
түймесін басыңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
●
Wireless Menu (Сымсыз байланыс мәзірі)
●
Wireless Direct Settings (Wireless Direct параметрлері)
●
On/Off (Қосулы/өшірулі)
3. On (Қосулы) мәзір элементін түртіңіз. Өнім параметрді сақтап, басқару тақтасын Wireless Direct
Settings (Wireless Direct параметрлері) мәзіріне қайтарады.
32 3-тарау Басып шығару KKWW