HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламалық құралы кез келген HP ePrint қолдайтын өнімге жұмыс үстелінен немесе
ноутбуктен басып шығаруды жеңілдетеді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қолданбадан
Print (Басып шығару) опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint тармағын
таңдаңыз. Бұл бағдарламалық құрал HP Connected есептік жазбасына тіркелген HP ePrint қосылған
өнімдерді табуды жеңілдетеді. Мақсатты HP өнімі үстелде немесе қашықтағы орында, мысалы, филиал
кеңсесінде немесе дүние жүзінде болуы мүмк
ін.
Windows жүй
есі үшін HP ePrint бағдарламалық құралы қолдау көрсетілетін PostScript® өнімдерінің
желісіндегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дәстүрлі тікелей IP басып шығаруды да
қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін
www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламалық құралы — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс процесі утилитасы
және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac жүйесіне арналған HP ePrint бағдарламалық
құралы тек HP Connected арқылы жүретін басып шығару жолдарын қолдайды және жергілікті желілік
принтерлерге тікелей IP басып шығаруды қолдамайды.
AirPrint
Apple шығарған AirPrint функциясын арқылы тікелей басып шығаруға iOS амалдық жүйесінің 4.2 немесе
одан кейінгі нұсқаларында қолдау көрсетіледі. Мына қолданбаларда iPad, iPhone (3GS не одан кейінгі)
немесе сенсорлы iPod (үшінші буын не одан кейінгі) құрылғысынан өнімге тікелей басып шығару үшін
AirPrint функциясын пайдаланыңыз:
●
Mail (Пошта)
●
Photos (Фотосуреттер)
● Safari
●
iBooks
●
Select third-party applications (Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары)
AirPrint функциясын қолдану үшін өнім Apple құрылғысы сияқты бі
рдей сы
мсыз желіге қосылған болуы
керек. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP өнімдері туралы қосымша
ақпарат алу үшін,
www.hp.com/go/airprint торабына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясы USB қосылымдарын қолдамайды. AirPrint функциясы тек басып
шығарудың ұтқыр функцияларымен қамтамасыз етеді. AirPrint функциясы сканерді қолдамайды.
KKWW Интернетке негізделген басып шығару 31