HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide

Интернетке негізделген басып шығару
Интернет арқылы қашықтан басып шығаруға бірнеше опция бар.
HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
HP ePrint функциясын пайдалану үшін, өнім мына талаптарға сай болуы керек:
Өнім сымды не сымсыз желіге қосылған және интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
HP Web Services функциясы өнімде қосылуы керек және өнім HP Connected қызметіне тіркелуі
керек.
СКД ба
сқару тақтасы
1. Өнімнің IP мекенжайын табыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Орнату
түймесін басыңыз.
ә. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
Network Setup (Желіні орнату)
IP мекенжайын көрсету
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, компьютерде веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің
IP мекенжайын енгізіңіз.
3. HP енгізілген веб-серверінде HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын таңдап,
Enable (Қосу) түймесін басыңыз. Өнім веб-қызметтерді қосады, сосын ақпараттық бетті басып
шығарады.
Ақпараттық бет HP өніміңізді HP Connected қызметінде ті
рк
еуге пайдаланылатын принтер
кодын қамтиды.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін
www.hpconnected.com сайтына өтіп, орнату процесін
аяқтаңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экранда веб-қызметтер
түймесін басыңыз.
2. Enable Web Services (Веб-қызметтер қосу) түймесін түртіңіз. Өнім веб-қызметтерді қосады,
сосын ақпараттық бетті басып шығарады.
Ақпараттық бет HP өніміңізді HP Connected қызметінде тіркеуге пайдаланылатын принтер
кодын қамтиды.
3. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін
www.hpconnected.com сайтына өтіп, орнату процесін
аяқтаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/support сайтына кіріп, өніміңізге арналған қосымша қолдау
ақпаратын қарап шығыңыз.
30 3-тарау Басып шығару KKWW