HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
●
Басып шығару жолы (Mac OS X)
●
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Mac OS X)
●
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Mac OS X)
●
Қағаз түрін таңдау (Mac OS X)
●
Басып шығару туралы қосымша ақпарат
Басып шығару жолы (Mac OS X)
Төмендегі процедурада Mac OS X үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлер ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін
таңдаңыз да, басып шығару параметрлерін реттеу үшін басқа мәзірлерді таңдаңыз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Mac OS X)
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндік HP баспа драйверін орнатылғанда қолжетімді. AirPrint пайдаланылса, ол
қолжетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, сосын Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен осы өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлердің ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details ( Толық көрсету) түймесін басып, Manual
Duplex (Қолмен дуплекстеу) мәзірін таңдаңыз.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) параметрін белгілеп, байланыстыру опциясын таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
6. Өнімді ашып, кіріс науадағы та
за қа
ғазды алып тастаңыз.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X) 27