HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide

Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын және қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
2. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
3. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Start (Бастау) түймесін
басыңыз, Run (Орындау) пәрменін таңдаңыз, cmd деп теріңіз, содан кейін Enter пернесін
басыңыз.
ә. Маршрутизатордың IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
Mac OS
X ам
алдық жүйесінде желі утилитасын ашып, Ping терезесінің тиісті жолағына IP
мекенжайын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4. Маршрутизатор немесе өнім компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идент
ификаторымен (SSID) салыс
тырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Өнімнің басқару тақтасынан сымсыз желі параметрлері туралы ақпаратты беретін диагностика сынағын
іске қосуға болады.
СКД басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Setup (Орнату)
түймесін басыңыз.
2. Network Setup (Желіні реттеу) тармағын таңдаңыз да, Wireless Menu (Сымсыз желі мәзірі)
тармағын таңдаңыз.
3. Network Test (Желіні тексеру) пәрменін таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. Өнім сынақ нәтижелерін
көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 101