HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Төмендегі кескін реттеу параметрлері қолжетімді:
● Lightness (Ашықтық): ашықтық/күңгірттік параметрін реттейді.
● Contrast (Контраст): кескіннің ең ашық және ең күңгірт аймақтарының арасындағы контрастты
реттейді.
● Sharpen (Айқындау): мәтін таңбаларының айқындығын реттейді.
● Color Balance (Түс балансы): қызыл, жасыл және көк түстердің реңктерін реттейді.
СКД басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы көшіру мәзірінің
түймесін басыңыз.
2. Image Adjustment (Кескін реттеу) мәзірін таңдаңыз.
3. Параметрлерді қарап шығу үшін көрсеткі түймелерді пайдаланып, реттелетін параметрді
таңдаңыз.
4. Параметрдің мәнін реттеу үшін көрсеткі түймелерді пайдаланып, параметрді таңдау үшін OK
түймесін басыңыз.
5. Басқа параметрді реттеңіз немесе негізгі көшіру мәзіріне қайту үшін OK түймесін басыңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақтасы
1. Бастапқы экрандағы Copy (Көшіру) түймесін т
ү
ртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймесін түртіңіз, содан кейін жылжып, Image Adjustment (Кескін реттеу)
түймесін түртіңіз.
3. Реттеу керек параметрді басыңыз.
4. Параметрдің мәнін реттеу үшін — немесе + түймесін, сосын OK түймесін басыңыз.
5. Басқа параметрді реттеңіз немесе негізгі көшіру мәзіріне қайту үшін артқа
түймесін басыңыз.
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Келесі көшірме сапасының параметрлері қолданылады:
● Auto Select (Автоматты таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы параметрді
пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
●
Mixed (Аралас): бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
● Text (Мәтін): мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
●
Picture (Сурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайд
аланыңыз.
СК
Д басқару тақтасы
1. Құжатты сканер әйнегіне салыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы көшіру мәзірінің
түймесін басыңыз.
90 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW