HP Color LaserJet Pro MFP M176, M177 - Getting Started Guide
9
7.1
Құрылғыны сымсыз желіге қосу
Телефоннан немесе планшеттен басып шығару үшін құрылғыны принтер
қосылған сымсыз желіге қосыңыз.
Apple iOS құрылғылары (AirPrint)
Басып шығаратын элементті ашып, Action (Әрекет) белгішесін таңдаңыз.
Print (Басып шығару) опциясын, принтерді, одан кейін Print (Басып
шығару) опциясын таңдаңыз.
Жаңарақ Android құрылғылары (4.4 немесе одан жаңа)
Басып шығаратын элементті ашып, Menu (Мәзір) түймесін басыңыз. Print
(Басып шығару) тармағын, принтерді, одан кейін Print (Басып шығару)
тармағын таңдаңыз.
Кейбір құрылғылар үшін Google Play дүкенінен HP Print Service қосымша
бағдарламасын жүктеп алу қажет.
Ескірек Android құрылғылары (4.3 немесе одан ескі)
Google Play дүкенінен HP ePrint бағдарламасын жүктеп алыңыз.
Windows Phone
Windows Store дүкенінен HP AiO Remote бағдарламасын жүктеп алыңыз.
М обильді басып шығару туралы қосымша
мәліметтер
Басқа мобильді басып шығару параметрлері, соның
ішінде қосымша ePrint шешімдері туралы қосымша
мәліметтер алу үшін QR кодын сканерлеңіз немесе
пайдаланушы нұсқаулығының «Мобильді басып
шығару» бөлімін қараңыз.
7.2
HPсымсыз тікелей
HP Wireless Direct мүмкіндігі желіге немесе Интернетке байланысты қажет
етпестен сымсыз мобильді құрылғыдан HP Wireless Direct қосылған
принтеріне тікелей жақыннан басып шығаруға мүмкіндік береді.
HP сымсыз тікелей қосылу мүмкіндігін қосу
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Wireless
(Сымсыз) түймесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
• Сымсыз байланыс мәзірі
• Wireless Direct параметрлері
• Қосу/өшіру
3. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз. Принтер параметрді сақтап,
басқару панелі Wireless Direct Settings (Wireless Direct параметрлері)
мәзіріне қайтады.
Сымсыз басып шығару мен сымсыз орнату туралы қосымша
ақпаратты мына беттен қараңыз:
www.hp.com/go/wirelessprinting.
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қосылған құрылғыдан, керек
десеңіз бірдей желіде емес құрылғылардан принтердің электрондық пошта
мекенжайына электрондық пошта тіркемесі ретінде жіберу арқылы оларды
басып шығару үшін электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Электрондық пошта арқылы HPePrint функциясын пайдалану үшін принтер
мына талаптарға сай болуы керек:
• Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру
мүмкіндігі бар болуы керек.
• Принтерде HPWeb Services қосылып тұруы және принтер HPConnected
қызметіне тіркелген болуы керек.
HP Web қызметтерін қосу
Сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Орнату) түймесін басып, келесі
мәзірлерді ашыңыз:
• Network Setup (Желіні орнату)
• Show IP Address (IP мекенжайын көрсету)
2. Веб-шолғышты ашып, мекенжай жолағына IP мекенжайын енгізіп,
HP енгізілген веб-серверін (EWS) ашыңыз. HP Web Services (HP веб-
қызметтері) жиекбелгісін ашып, Enable (Қосу) опциясын басыңыз.
HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысы енді қосылады және
принтер ақпарат бетін басып шығарады. Ақпараттық бетте HP принтерін
HPConnected қызметіне тіркеу үшін принтер коды болады.
3. HP ePrint есептік жазбасын жасау және орнату процесін аяқтау үшін
www.hpconnected.com торабына өтіңіз.
Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Web Services
(Веб-қызметтер)
түймесін түртіңіз.
2. Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу) түймесін түртіңіз. Принтер
веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады.
Ақпарат бетінде HP принтерін HPConnected қызметінде тіркеу үшін қажет
принтер коды болады.
3. HP ePrint есептік жазбасын жасау және орнату процесін аяқтау үшін
www.hpconnected.com торабына өтіңіз.
7.
Мобильді және сымсыз басып шығару (тек M177fw сымсыз үлгісі)
8.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін орнату
Stella_EAC_GSG_CZ165-99002.indd 9 11. 12. 2015 14:09:53