HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - Warranty and Legal Guide
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Қолданысы төмендегі екі шартқа тәуелді болады: (1) бұл құрылғы зиянды
кедергі тудырмауы керек; және (2) бұл құрылғы кез келген алынған кедергіні, соның ішінде қажетсіз әрекеттің тууына себепші болатын
кедергіні де қабылдауы керек.
1. Бұл өнім HP компаниясының компьютерлер жүйесі арқылы әдеттегі конфигурацияда сынақтан өткен.
2. Заңдық реттеу мақсатында, бұл өнімге заңдық реттеу үлгісінің нөмірі тағайындалған. Бұл нөмірді өнім атауымен немесе өнім
нөмірлерімен шатастырмау керек.
3. Жоғарыда көрсетілгендермен бірге тиісті елдерге/аймақтарға лайықты болатын телекоммуникация қадағалау органының
рұқсаттары мен стандарттары осы құрылғыға қолданылды.
4. Бұл өнімде ол сатылатын елдердегі/аймақтардағы техникалық талаптарға сәйкес келетін BOISB-1102-00 (US-LIU), BOISB-1102-01
(EURO LIU) нормативтік үлгі нөмірі бар аналогтық факс қосалқы құрал модулі пайдаланылады.
Шанхай, Қытай
1 қараша, 2015 ж.
Тек ережелер туралы тақырыптар бойынша мына жерге хабарласыңыз:
Еуропа бойынша хабарласу: HP Deutschland GmbH, HP HQ-TRE, 71025 Boeblingen, Германия www.hp.eu/certificates
АҚШ бойынша хабарласу: HP Inc., 1501 Page Mill Road, Palo Alto 94304, АҚШ 650-857-1501
KKWW Сәйкестік декларациясы 33










