HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Микробағдарламаны жаңарту
HP компаниясы кезеңдік өнім жаңартуларын, жаңа веб-қызметтер қолданбаларын және бар веб-
қызметтер қолданбалары үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Бір өнімде өнімнің
микробағдарламасын жаңарту үшін осы қадамдарды орындаңыз. Микробағдарламаны жаңартқанда
веб-қызмет қолданбалары автоматты түрде жаңартылады.
Осы өнімде микробағдарламаны жаңартуды орындаудың екі қолдау көрсетілетін әдісі бар. Өнімнің
микробағдарламасын жаңарту үшін келесі әдістердің біреуін ғана п
айдаланыңыз.
Бірінші әдіс: микробағдарламаны басқару тақтасын пайдаланып жаңарту
Микробағдарламаны басқару тақтасынан жүктеу (тек желіге қосылған өнімдерде) және/немесе өнімді
болашақ микробағдарлама жаңартуларын автоматты түрде жүктелетін етіп орнату үшін осы
қадамдарды пайдаланыңыз. USB арқылы жалғанатын өнімдер үшін екінші әдіске өтіңіз.
1. Өнім белсенді интернет қосылымы бар сымды (Ethernet) немесе сымсыз желіге қосылғанын
тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: микробағдарламаны желілік қосылым арқылы жаңарту үшін өнім интернетке
қосылған болуы керек.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталарында параметрлерді орнату
түймешігін түртіңіз.
Стандартты басқару тақталары үшін сол немесе оң жақ көрсеткі түймешігін басыңыз.
3. Service (Қызмет) мәзіріне жылжып, ашыңыз, одан кейін LaserJet Update (LaserJet жаңарту) мәзірін
ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер LaserJet Update (LaserJet жаңарту) параметрі тізімде жоқ болса, екінші әдісті
пайдаланыңыз.
4. Жаңартуларды тексеріңіз.
Сенсорлы экран басқару тақталары үшін Check for Updates Now (Қазір жаңартуларды
тексеру) параметрін түртіңіз.
Стандартты басқару тақталары үшін Check for Update (Жаңартуды тексеру) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: өнім жаңартуды автоматты түрде тексереді және жаңарақ нұсқа анықталса,
жаңарту процесі автоматты түрде басталады.
5. Өнімді жаңартулар қол жетімді болғанда микробағдарламаны автоматты түрде жаңартатын етіп
реттеңіз.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталарында параметрлерді орнату
түймешігін түртіңіз.
Стандартты басқару тақталары үшін сол немесе оң жақ көрсеткі түймешігін басыңыз.
Service (Қызмет) мәзіріне жылжып, оны ашыңыз, LaserJet Update (LaserJet жаңарту) мәзірін
ашыңыз, одан кейін Manage Updates (Жаңартуларды басқару) мәзірін таңдаңыз.
Өнімді микробағдарламаны автоматты түрде жаңартуға реттеңіз.
KKWW Микробағдарламаны жаңарту 87