HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға және өнімді
бақылау мен оған қызмет көрсету тәсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттар және
ұсынылған протоколдар қолданылады.
HP's қауіпсіздік кескін өңдеу және басып шығару шешімдері жөнінде толық ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торап қауіпсіздік мүмкіндіктері жөніндегі ақ
беттерге және жиі қойылатын сұрақтар құжаттарына сілтемелерді береді.
HP ендірілген веб-серверін пайдаланып өнімнің құпия сөзін орнату немесе
өзгерту
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып кілтсөзді орнатыңыз немесе желідегі өнімнің бұрыннан бар
кілтсөзін өзгертіңіз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. СКД басқару тақталары: Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз. IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Setup (Желі параметрлерін орнату)
мәзірін ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету) параметрін таңдаңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін
басыңыз. EWS ашылады.
2. System (Жүйе) қойындысын басып, Product Security (Өнім қауіпсіздігі) немесе Administration
(Басқару) сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер құпия сөз алдын ала орнатылған болса, құпия сөзді теру ұсынылады. Құпия
сөзді енгізіп, Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
3. Password (Құпия сөз) және Confirm password (Құпия сөзді растау) өрістерінде жаңа құпия сөзді
енгізіңіз.
4. Құпия сөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: USB кабелімен Windows компьютеріне жалғанған өнімдер үшін өнімнің құпия сөзін өзгерту
үшін HP құрылғысының құралдар жинағын пайдаланыңыз:
1. Start (Бастау) түймешігін басып, Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP өнімдер тобын бас
ып, H
P Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар жинағы) элементін
басыңыз.
3. System (Жүйе) құсбелгісін қойыңыз.
4. Administration (Басқару) пәрменін таңдап, құпия сөзді өзгерту аймағын табыңыз.
84 8-тарау Өнімді басқару KKWW