HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide
IP желі параметрлерін реттеу
●
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
●
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
●
Желідегі өнімнің атауын өзгерту
●
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеу
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
HP бір рангтік желіні қолдамайды, себебі бұл — HP принтер драйверлерінің емес, Microsoft
операциялық жүйелерінің функциясы. Microsoft компаниясының
www.microsoft.com сайтына өтіңіз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. СКД басқару тақталары: Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз. IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Setup (Желі параметрлерін орнату) мәзірін
ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету) параметрін таңдаңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің
басқару тақтасындағы негізгі экранда желі
түймешігін түртіңіз.
2. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз.
Параметрлерді қажетінше өзгертіңіз.
Желідегі өнімнің атауын өзгерту
Ерекше белгілеу үшін желідегі өнімнің атауын өзгерту керек болса, HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. СКД басқару тақталары: Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз. IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Setup (Желі параметрлерін орнату)
мәзірін ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету) параметрін таңдаңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін
басыңыз. EWS ашылады.
2. System (Жүйе) қойындысын ашыңыз.
3. Device Information (Құрылғы туралы ақпарат) бетінде әдепкі өнім атауы Device Status
(Құрылғының күйі) өрісінде болады. Осы атты өзгертіп осы өнімді бірегей түрде анықтауға
болады.
KKWW IP желі параметрлерін реттеу 81