HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide
Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасының көмегімен
қосымша реттеу
Өнім күйін тексеру немесе компьютерден өнімнің параметрлерін көру не болмаса өзгерту үшін
HP қызметтік бағдарламасын пайдаланыңыз.
HP утилитасын өнім USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізінде істейтін желіге жалғанғанда
пайдалануға болады.
HP утилитасын ашыңыз
1. Компьютерде System Preferences (Жүйе теңшелімдері) мәзірін ашып, Print & Fax (Басып шығару
және факс), Print & Scan (Басып шығару және сканерлеу) немесе Printers & Scanners (Принтерлер
және сканерлер) тармағын басыңыз.
2. Өнімді тізімнен таңдаңыз.
3. Options & Supplies (Опциялар мен жабдықтар) түймешігін басыңыз.
4. Utility (Утилита) қойындысын басыңыз.
5. Open Printer Utility (Принтер утилитасын ашу) түймешігін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP қызметтік бағдарламасының құралдар тақтасында мыналар бар:
●
Құрылғылар: HP қызметтік бағдарламасы тапқан Mac өнімдерін көрсету немесе жасыру үшін осы
түймені басыңыз.
●
Барлық параметрлер: HP қызметтік бағдарламасының негізгі көрінісіне оралу үшін осы түймені
басыңыз.
●
HP қолдауы: шолғышты ашу және HP қолдау веб-торабына өту үшін осы түймені басыңыз.
●
Supplies (Жабдықтар): Бұл түймешікті HP SureSupply веб-торабын ашу үшін басыңыз.
●
R
egistration (Тіркеу): Бұл түймешікті HP тіркеу веб-торабын ашу үшін басыңыз.
●
Recycling (Қайта пайдалану): Бұл түймешікті HP дүниежүзілік серіктестерінің қайта пайдалану
бағдарламасы веб-торабын ашу үшін басыңыз.
HP утилитасы All Settings (Барлық параметрлер) тізімін басу арқылы ашылатын беттерден тұрады.
Келесі кестеде НР утилитасының көмегімен орындауға болатын тапсырмалар түсіндіріледі.
Мәзір Сипаттама
Ақпарат және қолдау
●
Supplies Status (Жабдықтар күйі): өнім жабдықтарының күйін көрсетіп,
жабдықтарға желіде тапсырыс беру сілтемелерін қамтамасыз етеді.
●
Device Information (Құрылғы туралы ақпарат): қазіргі уақытта таңдалған
өнім туралы ақпаратты көрсетеді (соның ішінде, өнімнің қызметтік
идентификаторын (тағайындалған болса), микробағдарлама нұсқасын (FW
нұсқасы), сериялық нөмірін және IP мекенжайын).
●
File Upload (Файлды кері жүктеу): файлдарды компьютерден өнімге
жібереді. Төмендегі файл тү
рлерін жүктеуге болады:
KKWW Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасының көмегімен қосымша реттеу 79