HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

а. СКД басқару тақталары: Өнімнің басқару тақтасындағы орнату түймешігін басыңыз. IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Setup (Желі параметрлерін орнату)
мәзірін ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету) параметрін таңдаңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін
басыңыз. EWS ашылады.
2. Fax (Факс) қойындысын нұқыңыз.
3. Факс параметрлерін конфигурациялау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4.
4-қадам: факс сынағын орындау (69-бет) бөліміне өтіңіз.
4-қадам: факс сынағын орындау
Факс дұрыс реттелгенін тексеру үшін факс сынағын орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
2. Service (Қызмет) мәзіріне жылжып барып, ашыңыз.
3. Fax Service (Факс қызметі) мәзірін ашыңыз.
4. Run Fax Test (Факс сынағын орындау) опциясын таңдаңыз. Өнім сынақ туралы есепті басып
шығарады.
5. Есепті қарап шығыңыз.
Егер есеп өнімнің сынақтан өткенін көрсетсе, өнім факстерді жіберуге және қабылдауға
дайын.
Егер есеп өнімнің сынақтан өтпегенін көрсетсе, мәселені ше
шу тура
лы қосымша ақпарат
алу үшін есепті қарап шығыңыз. Факс ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесінде факс
мәселелерін шешу туралы қосымша ақпарат бар.
5-қадам (міндетті емес): сандық факстарды алу үшін параметрлерді реттеу
(Windows)
Бұл өнім келген сандық факстарды компьютер қалтасына сақтай алады. Параметрлерді реттеу үшін,
Digital Fax Setup Wizard (HP сандық факс параметрлерін орнату) шеберін пайдаланыңыз. Бұл мүмкіндік
тек Windows жүйесінде қолжетімді болады.
1. Start (Бастау) мәзірінде Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP түймешігін, өнім атауын, одан кейін Digital Fax Setup Wizard (Сандық факс параметрлерін
орнату шебері) құралын басыңыз.
3. Параметрлерді конфигурациялау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW Фа
кстерді жіберуді және алуды реттеу 69