HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

3. Телефон кабелін құрылғыдағы факс портына және қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір елдерде/аймақтарда өніммен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір өнімдерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Өнімдегі
белгішелерді қараңыз.
4. Автожауапбергіштің телефон кабелін өнім артындағы телефон желісінің шығыс портына
жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: автожауапбергішті тікелей өнімге жалғаңыз, әйтпесе автожауапбергіш жіберіліп
жатқан факстің факс үндерін жазуы және өнім факстерді қабылдамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: егер автожауапбергіште кірістірілген телефон болмаса, ыңғайлы болуы үшін
телефонды автожауапбергіштегі OUT (ШЫҒЫС) портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір өнімдерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Өнімдегі
белгішелерді қараңыз.
5. Өнімдегі жауап беретін қоңыраулар параметрін реттеңіз.
а. Өнімді қосыңыз.
ә. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін ашыңыз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
66 7-тарау Факс KKWW