HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

3. Өнімнің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз, одан кейін телефонды
осы портқа жалғаңыз.
4. Өнімді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Өнімді қосыңыз.
ә. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
б.Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін ашыңыз.
в.Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
г.Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін таңдаңыз.
ғ.Automatic (Автоматты) опциясын таңдаңыз.
5. Өнімді факсті жіберу алдында теру үнін тексеруге реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде өнімнің факс жіберуін
болдырмайды.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ә.Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін ашыңыз.
б. Advanced Setup (Кеңейтілген параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
в. Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін таңдаңыз.
6.
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (67-бет) бөліміне өтіңіз.
Автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісі
Өнімді автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Өнімнің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 65