HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide
2. Өнімді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Өнімді қосыңыз.
ә. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін ашыңыз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
г. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін таңдаңыз.
ғ. Automatic (Автоматты) опциясын таңдаңыз.
3.
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (67-бет) бөліміне өтіңіз.
Ортақ дауыс/факс желісі
Өнімді ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Телефон кабелін құрылғыдағы факс портына және қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір елдерде/аймақтарда өніммен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір өнімдерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Өнімдегі
белгішелерді қараңыз.
64 7-тарау Факс KKWW