HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Факстерді жіберуді және алуды реттеу
Бастау алдында
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
2-қадам: факсті реттеу
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
4-қадам: факс сынағын орындау
5-қадам (міндетті емес): сандық факстарды алу үшін параметрлерді реттеу (Windows)
Бастау алдында
Факс қызметін қоспай тұрып өнім толығымен реттелгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: өнімді телефон ұясына жалғау үшін өніммен бірге жеткізілген телефон кабелін және кез
келген адаптерлерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: сериялық телефон жүйелері пайдаланылатын елдерде/аймақтарда өніммен бірге
адаптер жеткізіледі. Өнім жалғанған телефон ұясына басқа телекоммуникациялық құрылғыларды
жалғау үшін адаптерді пайдаланыңыз.
Келесі төрт қадамның әрқайсысындағы нұсқауларды орындаңыз:
1.
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау (62-бет).
2.
2-қадам: факсті реттеу (63-бет).
3.
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (67-бет).
4.
4-қадам: факс сынағын орындау (69-бет).
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
Қолданылатын орнату әдісін анықтау үшін келесі жабдық және қызмет түрлерін қарап шығыңыз.
Қолданылатын әдіс телефон жүйесінде орнатып қойылған жабдыққа және қызметтерге байланысты.
ЕСКЕРТПЕ: өнім аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы өнімді арнаулы аналогтық
телефон желісінде пайдалануды ұсынады.
Арнайы бөлінген телефон желісі: өнім телефон желісіне қосылған жалғыз жабдық немесе
қызмет болып табылады
Дауыстық қоңыраулар: дауыстық және факс қоңыраулары бір телефон желісін пайдаланады
Автожауапбергіш: автожауапбергіш факс қоңыраулары үшін қолданылатын телефон желісінде
дауыстық қоңырауларға жауап береді
Дауыстық пошта: дауыстық поштаға жазылым қызметі факспен бірдей телефон желісін
пайдаланады
Ерекше қоңырау шалу қызметі: бірнеше телефон нөм
ірін бір телефон желісімен
байланыстыруға мүмкіндік беретін телефония компаниясының қызметі, әр нөмірдің қоңырау
үлгісі басқаша болады; өнім өзіне белгіленген қоңырау үлгісін анықтайды және қоңырауға жауап
береді
62 7-тарау Факс KKWW