HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Желілік қалтаға сканерлеу (тек сенсорлы экран
үлгілерінде)
Желідегі қалтаға файлды сканерлеу және желідегі қалтада сақтау үшін, өнімнің басқару тақтасын
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін өнім желіге қосылған болуы керек және Scan to Network
Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) мүмкіндігін Scan to Network Folder Setup Wizard (Желілік қалтаға
сканерлеуді реттеу шеберін) (Windows) немесе HP ендірілген веб-серверін пайдалана отырып реттеу
керек.
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Scan (Сканерлеу) түймешігін түртіңіз.
3. Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) элементін түртіңіз.
4. Желідегі қалталар тізімінен файл сақталатын қалтаны таңдаңыз.
5. Басқару тақтасы экранында сканерлеу параметрлері көрсетіледі.
Параметрлердің біреуін өзгерткіңіз келсе, Settings (Параметрлер) түймешігін түртіп,
параметрді өзгертіңіз.
Егер параметрлер дұрыс болс
а,
келесі қадамға өтіңіз.
6. Сканерлеу тапсырмасын бастау үшін Scan (Сканерлеу) түймешігін түртіңіз.
60 6-тарау Сканерлеу KKWW