HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Электрондық поштаға сканерлеу (тек сенсорлы экран
үлгілерінде)
Файлды электрондық пошта мекенжайына тікелей сканерлеу үшін, өнімнің басқару тақтасын
пайдаланыңыз. Сканерленген файл электрондық пошта хабарламасының тіркелгісі ретінде
мекенжайға жіберіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін өнім желіге қосылған болуы керек және Scan to Email
(Электрондық поштаға сканерлеу) мүмкіндігін Scan to Email Setup Wizard (Электрондық поштаға
сканерлеуді реттеу шеберін) (Windows) немесе HP ендірілген веб-серверін пайдалана отырып реттеу
керек.
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Scan (Сканерлеу) түймешігін түртіңіз.
3. Scan to E-mail (Электрондық поштаға сканерлеу) элементін түртіңіз.
4. Send an E-mail (Электрондық поштаға жіберу) элементін түртіңіз.
5. Пайдаланылатын From (Жіберуші) мекенжайын таңдаңыз. Сондай-ақ, бұл «шығыс электрондық
пошта профилі» ретінде белгілі.
ЕСКЕРТПЕ: PIN мүмкіндігі орнатылған болса, PIN кодын енгізіп, OK т
үймешігін түрт
іңіз. Дегенмен,
бұл мүмкіндікті пайдалану үшін PIN коды қажет емес.
6. To (Алушы) түймешігін түртіп, файл жіберілетін мекенжайды немесе топты таңдаңыз. Аяқтаған
кезде Done (Орындалды) түймешігін түртіңіз.
7. Тақырып жолын қосу керек болса, Subject (Тақырып) түймешігін түртіңіз.
8. Next (Келесі) түймешігін түртіңіз.
9. Басқару тақтасы экранында сканерлеу параметрлері көрсетіледі.
Параметрлердің біреуін өзгерткіңіз келсе, Settings (Параметрлер) түймешігін түртіп,
параметрді өзгертіңіз.
Егер параметрлер дұрыс болса, ке
лесі қа
дамға өтіңіз.
10. Сканерлеу тапсырмасын бастау үшін Scan (Сканерлеу) түймешігін түртіңіз.
KKWW Электрондық поштаға сканерлеу (тек сенсорлы экран үлгілерінде)59