HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide
6. Configure (Реттеу) экранында осы қалтаға сақталған сканерлеу тапсырмаларының әдепкі
параметрлерін көрсетіңіз. Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
7. Finish экранында ақпаратты қарап шығып, барлық параметрлердің дұрыс екенін тексеріңіз. Егер
қате болса, қатені түзету үшін Back (Артқа) түймешігін басыңыз. Аяқтағанда реттеуді сынау және
параметрлерді орнатуды аяқтау үшін Save and Test (Сақтау және сынау) түймешігін басыңыз.
HP ендірілген веб-сервері арқылы желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін
реттеу (Windows)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін
басыңыз. EWS ашылады.
2. Scan (Сканерлеу) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ шарлау аймағындағы Network Folder Setup (Желілік қалта параметрлерін орнату)
сілтемесін басыңыз.
4. Network Folder Configuration (Желілік қалтаны реттеу) бетінде New (Жаңа) түймешігін басыңыз.
а. Network Folder Information (Желілік қалта туралы ақпарат) бөлімінде көрсетілетін атауды
және желінің жолын енгізіңіз. Қажет болса, пайдаланушы атын және құпия сөзді енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндік жұмыс істеуі үшін же
лілік қа
лта ортақ болуы керек. Ол тек сіз
немесе басқа пайдаланушылар үшін ортақ бола алады.
ә. Қосымша: қалтаны рұқсат етілмеген қатынастан қорғау үшін Secure the Folder Access with a
PIN (Қалтаға қатынасты PIN кодымен қорғау) бөлімінде PIN кодын енгізіңіз. Бұл PIN коды
біреу желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін пайдаланған сайын талап етіледі.
б. Scan Settings (Сканерлеу параметрлері) бөлімінде сканерлеу параметрлерін реттеңіз.
Бүкіл ақпаратты қарап шығыңыз, одан кейін ақпаратты сақтау және қосылымды сынау үшін Save
and Test (Сақтау және сынау) немесе те
к ақпаратты сақтау үшін Save Only (Тек сақтау) пәрменін
таңдаңыз.
HP ендірілген веб-сервері арқылы Scan to Network Folder (Желілік қалтаға
сканерлеу) мүмкіндігін реттеу (OS X)
1. Ендірілген веб-сервер (EWS) интерфейсін ашу үшін келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз.
56 6-тарау Сканерлеу KKWW