HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: егер SMTP серверінің атауы, SMTP портының нөмірін немесе түпнұсқалық
растамасының ақпаратын білмесеңіз, ақпарат алу үшін электрондық пошта/интернет қызметінің
провайдеріне немесе жүйелік әкімшіге хабарласыңыз. SMTP сервер атауларын және порт
атауларын әдетте интернетте іздеуді орындап оңай табуға болады. Мысалы, іздеу үшін «gmail
smtp серверінің атауы» немесе «yahoo smtp серверінің атауы» сияқты терминдерді
пайдаланыңыз.
5. Ақпаратты қарап шығыңыз және барлық параметрлер дұрыс екенін тексеріңіз. Егер қате болса,
қатені түзету үшін Back (Артқа) түймешігін басыңыз. Аяқтағанда реттеуді сынау және
параметрлерді орнатуды аяқтау үшін Save and Test (Сақтау және сынау) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бірнеше электрондық пошта тіркелгісіне сканерлеу үшін қосымша шығыс
электрондық пошта профильдерін жасаңыз.
HP ендірілген веб-сервері арқылы электрондық поштаға сканерлеу
мүмкіндігін реттеу (Windows)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін
басыңыз. EWS ашылады.
2. Scan (Сканерлеу) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ шарлау тақтасында Scan to E-mail Setup (Электрондық поштаға сканерлеу
параметрлерін орнату) сілтемесін басыңыз.
4. Scan to E-mail Setup (Электрондық поштаға сканерлеу параметрлерін орнату) бетінде реттейтін
параметрлер тізімі болады. Сондай-ақ, бұл параметрлердің тізімі сол жақ шарлау тақтасында
беріледі. Бастау үшін Outgoing E-mail Profiles (Шығыс электрондық пошта профильдері)
сілтемесін басыңыз.
5. Outgoing E-mail Profiles (Шығыс электрондық пошта профильдері) бетін
де New (Жаңа)
түймешігін басыңыз.
●
E-mail Address (Электрондық пошта мекенжайы) аумағында электрондық пошта
мекенжайын және көрсетілетін атауды енгізіңіз.
●
SMTP Server Settings (SMTP серверінің параметрлері) аумағында SMTP серверінің
мекенжайын және SMTP портын енгізіңіз. Әдепкі порт енгізіп қойылған және жағдайлардың
көпшілігінде оны өзгерту қажет емес.
ЕСКЕРТПЕ: егер электрондық пошта қызметі ретінде Google™ Gmail қызметін пайдаланып
жатсаңыз, Always use secure connection (Әрқашан қорғалған қосылымды пайдалану) (SSL/
TL
S) құсбе
лгісін қойыңыз.
●
SMTP Authentication (SMTP түпнұсқалық растамасы) аумағында қажет болса, SMTP
пайдаланушы идентификаторын және құпия сөзін реттеу үшін SMTP server requires
KKWW Scan to E-mail (Электрондық поштаға сканерлеу) параметрін реттеу (тек сенсорлы экран
үлгілерінде)
51