HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide
Scan to E-mail (Электрондық поштаға сканерлеу) параметрін
реттеу (тек сенсорлы экран үлгілерінде)
Кіріспе
Осы сканерлеу мүмкіндігін пайдалану үшін өнім желіге қосылған болуы керек. Бұл сканерлеу
мүмкіндігін реттемейінше, оны қолдану мүмкін емес. Бұл мүмкіндікті реттеу үшін толық
бағдарламалық құралды орнатудың бөлігі ретінде өнімнің HP өнімдер тобында орнатылатын Scan to
Email Setup Wizard (Электрондық поштаға сканерлеу параметрлерін орнату) шеберін (Windows)
пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл мүмкіндікті реттеу үшін HP ендірілген веб-серверін пайдалануға
болады. Төмендегі нұсқауларда Scan to Email Setup Wizard (Эл
ект
рондық поштаға сканерлеу
параметрлерін орнату) шеберін және HP ендірілген веб-серверін пайдалана отырып мүмкіндікті реттеу
сипатталады.
●
Scan to E-Mail Wizard (Электрондық поштаға сканерлеу шеберін) (Windows) пайдалану
●
HP ендірілген веб-сервері арқылы электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін реттеу (Windows)
●
HP ендірілген веб-сервері (OS X) арқылы Scan to Email feature (Электрондық поштаға сканерлеу)
мүмкіндігін реттеу
Scan to E-Mail Wizard (Электрондық поштаға сканерлеу шеберін) (Windows)
пайдалану
Кейбір HP өнімдерінде бағдарламалық құрал ықшам дискісінен драйверді орнатуға болады. Осы
орнатудың соңында қосымша мүмкіндік параметрлерін реттеу опциясы болады. Параметрлерді
орнату шеберлері негізгі реттеу опцияларын қамтиды. Шеберді іске қосу үшін Scan to E-mail Wizard
(Электрондық поштаға сканерлеу шебері) тармағын басыңыз.
Орнатудан кейін Start (Бастау) түймешігін басу, Programs (Бағдарламалар) немесе All Programs
(Барлық бағдарламалар) элементін таңдау, одан кейін HP эл
ементін ба
су арқылы орнату шеберін
ашыңыз. Өнім атауы элементін, одан кейін реттеу процесін бастау үшін Scan to E-mail Wizard
(Электрондық поштаға сканерлеу шебері) тармағын басыңыз.
1. Жаңа шығыс электрондық пошта мекенжайын қосу үшін New (Жаңа) түймешігін басыңыз.
2. Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
3. Display Name (Көрсетілетін атау) өрісінде осы электрондық пошта мекенжайының көр
сетілетін
атауын теріңіз, одан кейін Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: электрондық пошта профилін қорғау үшін 4 цифрлық PIN кодын енгізіңіз. Профильге
қауіпсіздік PIN коды белгіленгеннен кейін өнім сол профильді пайдаланғанда электрондық пошта
жібере алуы үшін өнімнің басқару тақтасында PIN кодын енгізу керек.
4. SMTP серверінің атауын немесе IP мекенжайын және SMTP серверінің порт нөмірін енгізіңіз. Егер
шығыс SMTP сервері қосымша қауіпсіздік түпнұсқалық растамасын қажет етсе, E-mail Log-in
Authentication (Электрондық поштаға кіру түпнұсқалық растамасы) құсбелгісін қойыңыз және
пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзін енгізіңіз. Аяқтағанда Next (Келесі) түймешігін
басыңыз.
50 6-тарау Сканерлеу KKWW