HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

3. Қолдануға болатын опцияларды реттеу үшін баспа драйверіндегі қойындыларды басыңыз
немесе түртіңіз. Мысалы, қағаз бағдарын Finishing (Өңдеу) қойындысында орнатыңыз, ал қағаз
көзін, қағаз түрін, қағаз өлшемін және сапа параметрлерін Paper/Quality (Қағаз/сапа)
қойындысында орнатыңыз.
4. Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіне қайту үшін OK түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
Осы экранда басып шығаратын көшірмелер санын таңдаңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін OK түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Windows жүйесі)
Бұл процедураны автоматты дуплекстегіш орнатылған өнімдерде пайдаланыңыз. Өнімде автоматты
дуплекстегіш орнатылмаған болса немесе дуплекстегіш қолдамайтын қағаз түрлеріне басып шығару
үшін екі жақта қолмен басып шығаруға болады.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕР
ТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
3. Finishing (Аяқтау) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Print on both side sides (Екі жаққа да басу) құсбелгісін қойыңыз. Document Properties (Құжат
сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Windows)
Бұл процедураны автоматты дуплекстегіш орнатылмаған өнімдерде немесе дуплекстегіш
қолдамайтын қағазға басып шығару үшін пайдаланыңыз.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Windows) 33