HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын және қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
2. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
3. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз.
Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін
таңдап, cmd деп теріңіз де, Enter пернесін басыңыз.
OS X үшін Applications (Ба
ғдарламалар) та
рмағына өтіп, Utilities (Утилиталар) тармағын
таңдаңыз да, Terminal параметрін ашыңыз.
ә. Маршрутизатордың IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4. Маршрутизатор немесе өнім компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSI
D)
п
ринтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Өнімнің басқару тақтасынан сымсыз желі параметрлері туралы ақпаратты беретін диагностика
сынағын іске қосуға болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Setup (Параметрлерді орнату)
түймешігін
түртіңіз.
2. Self Diagnostics (Өзін өзі диагностикалау) мәзірін ашыңыз.
3. Сынақты бастау үшін Run Network Test (Желіні тексеруді орындау) түймешігін түртіңіз. Өнім сынақ
нәтижелерін көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 125