HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
2. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын таңдаңыз да, Advanced Setup (Кеңейтілген реттеу) тармағын
таңдаңыз.
3. Lighter/Darker (Ашығырақ/күңгірттеу) тармағын таңдаңыз да, осы параметрді факс тапсырмасы
үшін реттеңіз.
Қателерді түзету параметрін тексеру
Әдетте, өнім факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылап
отырады. Егер берілім кезінде өнім қате тапса және қатені түзету параметрі On (Қосулы) болса, өнім
факстің бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін. Қатені түзету үшін зауыттық стандартты мән On
(Қосулы).
Факсті жіберу немесе қабылдау кезінде қиыншылықтарға кездессеңіз немесе берілімдегі қателерді
қабылдағыңыз келсе ған
а,
қатені түзету режимін ажыратуыңыз қажет. Факсті шетелге жіберу немесе
шетелден факс қабылдау кезінде немесе сіз телефон байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз,
бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
2. Service (Қызмет) тармағын таңдаңыз да, Fax Service (Факсқа қызмет көрсету) тармағын таңдаңыз.
3. Error Correction (Қателерді түзету) параметрін таңдаңыз да, On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
Бетке сыйымды параметрін тексеру
Өнім факсты беттен тыс басып шығарса, өнімнің басқару тақтасынан бетке шақтау мүмкіндігін
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі қағаз өлшемі параметрінің науадағы қағаздың өлшеміне сәйкес екенін тексеріңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
2. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын таңдаңыз да, Advanced Setup (Кеңейтілген реттеу) тармағын
таңдаңыз.
3. Fit to Page (Бетке қиыстыру) параметрін таңдаңыз да, On (Қосу) күйін таңдаңыз.
Құжат бергіштің көтеру ролигі мен бөлу төсемін тазалаңыз
Құжат бергіште кептелістер немесе бір мезетте бірнеше парақтың алынуы сияқты қағаз салу
ақаулықтары туындаса, құжат бергішінің роликтері мен бөлу төсемесін тазалаңыз.
118 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW