HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide
Факс сапасын жақсарту
●
Сканер әйнегіндегі кірдің немесе дақтардың болмауын тексеру
●
Факс жіберу ажыратымдылық параметрін тексеру
●
Ашықтық/күңгірттік параметрін тексеру
●
Қателерді түзету параметрін тексеру
●
Бетке сыйымды параметрін тексеру
●
Құжат бергіштің көтеру ролигі мен бөлу төсемін тазалаңыз
●
Басқа факс құрылғысына жіберу
●
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Сканер әйнегіндегі кірдің немесе дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін.
Сканерді тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімді өшіру үшін қуат түймесін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканер әйнегін, құжат беру құралының таспаларын және ақ пластмасса тіректі абразивті емес
шыны тазалағышпен ылға
лданған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5. Сканер қақпағын жабыңыз.
6. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Факс жіберу ажыратымдылық параметрін тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
2. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын таңдаңыз.
3. Advanced Setup (Кеңейтілген реттеу) тармағын таңдаңыз да, Fax Resolution (Факс
ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз.
4. Қажет ажыратымдылық параметрін таңдаңыз да, OK түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
Ашықтық/күңгірттік параметрін тексеру
Егер факс тым ашық немесе тым күңгірт болып басылса, ашықтық/күңгірттік параметрі осы факс
тапсырмасы үшін дұрыс екенін тексеріңіз.
KKWW Факс сапасын жақсарту 117