HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Көшіру және сканерлеу сапасы
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін.
Сканерді тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімді өшіру үшін қуат түймесін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің шынысы мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа батырылған
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТ
У: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
2. System Setup (Жүйе параметрлерін орнату) мәзірін ашыңыз.
3. Paper Setup (Қағаз параметрлерін орнату) мәзірін ашыңыз.
4. Тізімнен науаны таңдаңыз.
5. Paper Type (Қағаз түрі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз түрінің атауын таңдаңыз.
6. Paper Size (Қағаз өлшемі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз өлшемінің атауын таңдаңыз.
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Келесі көшірме сапасының параметрлері қолданылады:
Auto Select (Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Mixed (Аралас): бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Text (Мәтін): мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Picture (Сурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін ос
ы параметрді пайдаланыңыз.
СКД басқару тақтасы
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
2. Өнімнің басқару панеліндегі Copy Menu (Көшіру мәзірі)
түймесін басыңыз.
114 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW