HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

Басқа басып шығару тапсырмасының параметрлерін тексеру
Бағдарламадан басып шығарғанда басқа баспа драйверлерінің параметрлерін реттеу бойынша
мәселелерді шешіп жүрмес үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы
мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға болады. Сол
драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP ендірілген веб-серверін пайдаланып қосуға
болады.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басып, Print Quality (Басып шығару сапасы) аймағын
табыңыз.
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
600 dpi опциясын таңдаңыз.
Оны қосу үші
н EconoM
ode құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
Оны өшіру үшін EconoMode құсбелгісін алыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
басыңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім
немесе өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз:
www.hp.com/support/
ljMFPM225, www.hp.com/support/ljMFPM226.
112 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW