HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - User's Guide

г. Paper Type (Қағаз түрі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз түрінің атауын таңдаңыз.
ғ. Paper Size (Қағаз өлшемі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз өлшемінің атауын
таңдаңыз.
3. Өнімді өшіріп, 30 секунд күтіңіз де, қайтадан қосыңыз.
4. Өнімнің ішінен артық тонерді кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ә. Service (Қызмет) мәзірін ашыңыз.
б. Cleaning Page (Бетті тазалау) опциясын таңдаңыз.
в. Сізге сұрау салғанда, хат немесе A4 пішімді қағазын салыңыз.
г. Тазалау процесін бастау үшін OK түймесін түртіңіз.
Өнім парақтың бірінші жағын басып, парақты шығыс науасынан шығаруды және 1-науаға
сол бағытта салуды сұрайды. Процесс аяқталғанша күтіңіз. Басып шы
ғарылатын бет
ті
тастаңыз.
5. Өнімді тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ә. Reports (Есептер) мәзірін ашыңыз.
б. Configuration Report (Реттеу есебі) опциясын таңдаңыз.
Осы қадамдардың ешқайсысы мәселені шешпесе, өнімге қызмет көрсету керек болуы мүмкін. HP
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Құжат бергіштегі кептелген қағазды алу
Өнімнің басқару тақтасында Jam in the document feeder (Құжат бергіштегі кептеліс) хабары
көрсетіледі.
1. Құжатты беру құрылғысының кіріс
науасындағы өнімге берілмеген бос
қағаздарды шығарып алыңыз.
2. Кіріс науа аумағында көрінетін барлық
кептелген қағазды алыңыз. Жыртып алмау
үшін кептелген қағазды екі қолмен жайлап
шығарыңыз.
KKWW Кептелістерді жою 99