HP LaserJet Pro MFP M225, M226 - Getting Started Guide
6
11.
Факсты орнату (қосымша)
Принтерді қосу
Принтер аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы
принтерді арнаулы аналогтық телефон желісінде пайдалануды
ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ. Кейбір елдерде/аймақтарда өніммен бірге берілген
телефон сымына адаптер қажет болуы мүмкін.
Принтермен бірге берілген телефон сымын принтердегі факс
портына және қабырғадағы телефон ұясына қосыңыз.
Жауап беру аппаратына немесе қосымша
телефонға қалай қосыламын?
1. Ашаны телефон портынан суырыңыз.
2. Жауап беру аппаратының телефон сымын телефон ұясынан
ажыратыңыз, одан кейін оны принтердегі телефон портына
қосыңыз.
3. Принтермен бірге берілген телефон сымын принтердегі факс
портына
және қабырғадағы телефон ұясына қосыңыз.
2
3
3
1
Сандық телефон орталарында
HPпринтерлерін қалай орнатамын?
HP принтерлері әдеттегі аналогтық телефон қызметтерімен
бірге пайдалану үшін жасалған. Сандық телефон ортасы үшін
(DSL/ADSL, PBX, ISDN немесе FoIP сияқты) факсқа арналған
принтерді реттегенде, сандық-аналогтық сүзгілер немесе
түрлендіргіштер қажет болуы мүмкін.
Ескертпе: Телефонды шығарған компанияға байланысты
принтер барлық сандық қызмет желілерімен немесе
провайдерлерімен, барлық сандық орталарда немесе барлық
сандық-аналогтық түрлендіргіштермен үйлесімді болмауы
мүмкін. Реттеу опцияларының қайсысы ең жақсы екенін анықтау
үшін телефонды шығарған компания өкілдеріне хабарласыңыз.
Ескертпе: Ішкі және сырты қоңыраулар үшін әр түрлі қоңырау
үлгілері бар PBX телефон жүйесінде қоңырау үлгілерін
анықтауды реттеу кезінде қоңырау үлгісін жазып алу үшін
сыртқы нөмірден принтердің факс нөмірін тергеніңізді тексеріңіз.
Принтерді реттеу
Факс мүмкіндігін пайдалану үшін факс уақытын, күнін және
тақырып параметрлерін конфигурациялауды қажет етеді.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы орнату
түймесін түртіңіз.
2. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын, одан кейін Basic Setup
(Негізгі реттеу) тармағын таңдаңыз.
3. Time/Date (Уақыт/күн) пәрменін таңдаңыз.
4. 12-hour clock (12 сағаттық) немесе 24-hour clock (24 сағаттық)
параметрін таңдаңыз.
5. Пернелер панелін пайдаланып ағымдағы уақытты енгізіп,
OKтүймесін түртіңіз.
6. Күн пішімін таңдаңыз.
7. Пернелер панелін пайдаланып ағымдағы күнді енгізіп,
OKтүймесін түртіңіз.
8. Fax Header (Факс тақырыбы) параметрін таңдаңыз.
9. Пернелер панелін пайдаланып факс нөмірін енгізіңіз де,
OKтүймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ. Факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
10. Пернелер панелін пайдаланып компания атын немесе
тақырыбын енгізіп, OK түймесін түртіңіз. Стандартты пернелер
панелінде жоқ арнайы таңбаларды енгізу үшін @#$ түймесін
түртіп арнайы таңбаларды қамтитын пернелер панелін ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі
40болады.
Қосымша мәліметтер!
Факсты кейінірек жіберуді жоспарлау немесе факстарды
компьютерден жіберу сияқты факстарды жіберудің басқа
жолдары туралы қосымша ақпаратты пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз: www.hp.com/support/colorljMFPM225
немесе www.hp.com/support/colorljMFPM226.
Принтерді бөлек факс машинасы ретінде немесе жауап беру
машинасымен не болмаса қосымша телефонмен конфигурациялау
туралы ақпаратты принтердің ықшам дискісіндегі пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
11.1
11.2
CF484-91008.indd 6 12/30/2015 8:26:21 PM