HP Color LaserJet Pro M452dw - Initial Startup Guide

5
Сымды (Ethernet) желі қосылымы
Дұрыс ұзындықтағы кабельді пайдаланып, принтердің дұрыс
желілік портқа жалғанғанын тексеріңіз.
Желілік порттың жанындағы шамның жанып тұрғанын
тексеріңіз.
Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
Принтер ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын
тексеріңіз:
Windows: Start (Бастау) > Run (Іске қосу) тармағын таңдаңыз.
cmd деп теріп
EntEr (Енгізу) пернесін басыңыз. «Ping» деп
теріңіз, бос орын енгізіңіз, принтердің IP мекенжайын теріңіз,
одан кейін
EntEr нгізу) пернесін басыңыз. IP мекенжайының
үлгісі: 192.168.0.1
OS X: Желі утилитасын ашып, жаңғырықты тексеру
аймағына IP мекенжайын теріңіз.
EntEr (Енгізу) пернесін
басыңыз. IP мекенжайының үлгісі: 192.168.0.1
Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі
жұмыс істейді.
Егер ping жұмыс істемесе, принтерді қайта іске қосып,
қосылым қадамдарының барлығын қайтадан тексеріп көріңіз.
Сымсыз желі байланысы
Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз. Желі кабелі қосылып
тұрғанда, принтер сымсыз желіге қосыла алмайды.
Принтер мен сымсыз маршрутизатордың қосулы және қуаты
бар екенін тексеріңіз. Сымсыз қосқыштың қосылып тұрғанын
тексеріңіз.
Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз.
Көптеген желілер үшін принтер сымсыз кіру нүктесінің
(сымсыз маршрутизатор) 30 м (100 фут) ауқымында болуы тиіс.
Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
Компьютер мен принтердің бірдей сымсыз желіге қосылғанын
тексеріңіз.
Mac үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін
қолдайтындығын тексеріңіз.
Сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосыңыз.
Сымсыз диагностика сынағын орындау
1. Басқару панелінде басқару панелінің экранын сипап,
Setup(Параметрлерді реттеу)
түймешігін басыңыз.
2. Self Diagnosticsзіндік диагностика) тармағын, одан кейін
Run Wireless Test (Сымсыз сынақты іске қосу) тармағын
таңдаңыз.
CF388-91014_Gemini_GSG_EAC_tscreen.indd 5 12/11/2015 1:40:12 AM
Өнім ерекшеліктері
Кәсіби сапалы құжаттарды керемет мәнде басып шығарыңыз.
Басып шығару жылдамдығы: A4 өлшемді қағазда минутына (парақ/минут) 18 парақ
және Letter өлшемді қағазда 19 парақ/мин. басып шығарады
Пайдаланушылар тарапынан қалдық жабдықты тастау
Бұл таңба өнімді басқа үй қоқысымен тастауға болмайтындығын білдіреді.
Оның орнына қалдық жабдықты пайдаланылған электрлік және электрондық
жабдықтарды өңдеу үшін жинайтын арнайы орынға тапсыру арқылы адам
денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауыңыз керек. Қосымша ақпарат алу
үшінүй қоқысын тастау қызметіне хабарласыңыз немесе мына торапқа өтіңіз:
www.hp.com/recycle.
Химиялық заттар
HP компаниясы пайдаланушыларға өнімдеріміздің құрамындағы REACH (Еуропалық одақ пен
ЕО кеңесінің ЕС № 1907/2006 ережесі) сияқты заңды талаптарға сәйкес келуі қажет химиялық
заттар туралы ақпарат беру бойынша міндеттемені мойнына алады. Осы өнімге арналған
химиялық мәліметтер есебін мына жерден табуға болады: www.hp.com/go/reach.
Өнімді өндіру күні
Принтер өндірілген жылды және айды анықтау үшін өнімдегі жапсырманы қараңыз және
тізімде өндірілген күнді табыңыз.