HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

Мұқаба бетті басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Мұқаба мәзірін басыңыз.
4. Мұқабаны қай жерден басып шығару керек екенін таңдаңыз. Құжаттан бұрын немесе Құжаттан кейін
түймешігін басыңыз.
5. Мұқаба түрі мәзірінен мұқаба бетте басып шығару қажет хабарды таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бос мұқаба бетті басып шығару үшін Мұқаба түрі мәзірінен стандартты опциясын
таңдаңыз.
6. Басып шығару түймесін басыңыз.
Бет өлшемін лайықтау үшін құжатты масштабтау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің ашылмалы тізімін
ашыңыз да, Қағазды Қолдану мәзірін басыңыз.
4. Жіберілетін қағаздың өлшемі аймағында Қағаз өлшеміне сәйкестендіру үшін масштабтау жолағын
басып, ашылмалы тізімнен өлшемді таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Кітапша жасау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Орналасуы мәзірін басыңыз.
4. Two-Sided («Екі жақты») ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Мәзірлердің ашылмалы тізімін ашыңыз да, Кітапшаны басып шығару мәзірін басыңыз.
6. Басып шығарылатынды кітапша ретінде пішімдеу жолын, содан кейін байланыстыру опциясын
таңдаңыз.
7. Қағаз өлшемін таңдаңыз.
8. Басып шығару түймесін басыңыз.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X) 89