HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

4. Қолмен дуплекстеу жолын, содан кейін байланыстыру опциясын таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
6. Өнімге өтіп, 1-науадағы қандай да бір бос парақтарды алып тастаңыз.
7. Басылып шыққан буманы шығыс себетінен шығарып, басылған жағын төмен қаратып кіріс науасына
салыңыз.
8. Кеңес берілген жағдайда, жалғастыру үшін басқару панеліндегі тиісті түймені басыңыз.
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің ашылмалы тізімін
ашыңыз да, Орналасуы мәзірін басыңыз.
4. Бет/парақ ашылмалы тізімінен әр парақта басып шығару керек беттердің санын таңдаңыз.
5. Орналасудың бағыты аймағында парақтағы беттер реті мен орнын таңдаңыз.
6. Жиек мәзірінен әр парақтың айналасында басылатын жиек түрін таңдаңыз.
7. Басып шығару түймесін басыңыз.
Бет бағдарын таңдау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басып, Басып шығару опциясын басыңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Көшірмелер және беттер мәзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
4. Қолданылатын бет бағдарын білдіретін белгішені басып, OK түймешігін басыңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің ашылмалы тізімін
ашыңыз да, Аяқтау мәзірін басыңыз.
4. Баспа түрі ашылмалы тізімінен түрін таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
88 5-тарау Басып шығару KKWW