HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Тонер картриджі туралы ақпарат
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді көлденең білігінен әрі-бері жайлап қозғаңыз. Графикалық кескінді картриджді алмастыру
нұсқауларынан қараңыз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Сыйымдылығы Картридж нөмірі Бөлшек нөмірі
Стандартты сыйымдылықты
алмастырмалы қара тонер картриджі
14A CF214A
Жоғары сыйымдылықты алмастырмалы
қара тонер картриджі
14X CF214X
Жабдықтар туралы толық ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан қараңыз.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Жаңартылған жабдықтар туралы мәліметтер
алу үшін, www.hp.com/go/lj700M712_manuals торабына өтіңіз.
Тонер картриджін өңдеу
Шынайы HP тонер картриджін қайта өңдеу үшін пайдаланылған картриджді жаңа картридж келген
қорапқа салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта өңдеуге жіберу үшін ашылған
қайтару жапсырмасын пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін әр жаңа НР жабдығымен жеткізілетін қайта
өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Тонер картриджін сақтау
Тонер картриджін пайдаланбайынша орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджіне зақым келтірмеу үшін оны жарықта бірнеше минуттан көп ұстамаңыз.
HP шығармаған тонер картридждеріне қатысты HP саясаты
HP компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған тонер картридждерін пайдалануды
ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP шығармаған тонер картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір зақымдану
HP кепілдік және қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
54 4-тарау Бөліктер, жабдықтар мен аксессуарлар KKWW