HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Науалардың параметрлерін реттеу
Өнім келесі жағдайларда автоматты түрде науаның параметрлерін қағаз түрі мен өлшемі бойынша
реттеуді ұсынады:
●
Науаға қағаз салғанда;
●
Баспа тапсырмасы үшін нақты науаны немесе қағаз түрін баспа драйвері немесе бағдарламалық
құрал арқылы белгілеп
, науа баспа тапсырмасының параметрлеріне сәйкес реттелмеген жағдайда
ЕСКЕРТПЕ: 1 науадан басып жатқанда ұсыныс берілмейді және ол Кез келген өлшем қағаз өлшемі мен
Кез келген түр қағаз түрі параметрлеріне реттелген. Бұл жағдайда басып шығару тапсырмасы науаны
көрсетпесе, басып шығару тапсырмасындағы қағаз өлшемі мен түрі параметрлері 1-науаға салынған
қағазға сәйкес келмесе де, принтер 1-науадан басып шығарады.
Қағазды салғанда науаны реттеу
1. Қағазды науаға салыңыз. 2 -науаны немесе 3-науаны пайдалансаңыз, науаны жабыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасында науаны конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Анықталған өлшем мен түрді қабылдау үшін OK түймешігін басыңыз.
●
Науаның қағаз өлшемін немесе түрін өзгерту үшін, Өзгерту опциясын таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
а. Дұрыс өлшемді бөлектеп, OK түймешігін басыңыз.
ә. Дұрыс түрді бөлектеп, OK түймешігін басыңыз.
Науаны баспа тапсырмасының параметрлеріне сәйкестендіру үшін реттеңіз.
1. Бағдарламалық құралда, қағаз алынатын науаны, қағаз өлшемін және түрін белгілеңіз.
2. Тапсырманы принтерге жіберіңіз.
Егер науаны конфигурациялау керек болса, өнімнің басқару тақтасында науаны конфигурациялау
туралы хабар көрсетіледі.
3. Түрі мен өлшемі көрсетілген қағазды науаға салып, оны жабыңыз.
4. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Анықталған өлшем мен түрді қабылдау үшін OK түймешігін басыңыз.
●
Науаның қағаз өлшемін немесе түрін өзгерту үшін, Өзгерту опциясын таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
а. Дұрыс өлшемді бөлектеп, OK түймешігін басыңыз.
ә. Дұрыс түрді бөлектеп, OK түймешігін басыңыз.
26 3-тарау Кіріс науалары және шығыс себеттер KKWW