HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

Желілік кабельді пайдаланып өнімді желіге қосып,
бағдарламалық құралды орнатыңыз (Mac OS X)
IP мекенжайын конфигурациялау
1. Өнім қосулы екенін және өнімнің басқару тақтасының дисплейінде Дайын хабары көрсетілгенін
тексеріңіз.
2. Желі кабелін өнімге және желіге жалғаңыз.
3. Жалғастырмас бұрын 60 секунд күтіңіз. Бұл уақытта желі өнімді анықтап, оған IP мекенжайын немесе
хост атын тағайындайды.
4. Өнімнің IP мекенжайын немесе басты компьютер атауын анықтау үшін, өнімнің басқару тақтасында
Негізгі бет түймешігін басып, Қосу жолы мәзірін ашыңыз және Желілік мекенжай опциясын
таңдаңыз.
Сондай-ақ, конфигурациялау бетін басып шығару арқылы IP мекенжайын немесе басты компьютер
атауын таба аласыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басқару
Есептер
Конфигурация/күй беттері
б. Конфигурация беті опциясын таңдаңыз.
в. Басып шығару опциясына жылжып барып, OK түймешігін басыңыз.
18 2-тарау Өнімді жалғау және бағдарламаны орнату KKWW