HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

USB кабелін пайдаланып өнімді компьютерге жалғап,
бағдарламалық құралды орнатыңыз (Mac OS X)
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз. HP компаниясы кеңесі
бойынша, USB кабелі 2 метрден ұзын болмау керек.
1. Өнім мен компьютерге USB кабелін жалғаңыз.
2. Өнімнің «дайын» күйінде екендігін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Өнім USB кабелімен жалғанғанда, бағдарламалық құралды орнату процесі өнімнің
қосулы болуын және Готово (Дайын) күйінде болуын қажет етеді. Өнім бағдарламалық құралды
орнату процесі кезінде және баспа тапсырмасын алған кезде ұйқы режимінен оянуы үшін мына
параметрді реттеңіз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басқару
Жалпы параметрлер
Қуат параметрлері
Ұйқы таймерінің параметрлері
Ояту/автоматты қосу жағдайлары
б. Барлық оқиғалар опциясын бөлектеп, OK түймесін басыңыз.
3. Ықшам дискіден бағдарламалық құралды орнатыңыз.
4. Өнім белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
16 2-тарау Өнімді жалғау және бағдарламаны орнату KKWW