HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

USB кабелін пайдаланып өнімді компьютерге жалғап,
бағдарламаны орнатыңыз (Windows)
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз. HP компаниясы кеңесі
бойынша, USB кабелі 2 метрден ұзын болмау керек.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы қосуды ұсынбайынша, USB кабелін қоспаңыз.
1. Компьютердегі барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Өнімнің «дайын» күйінде екендігін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Өнім USB кабелімен жалғанғанда, бағдарламалық құралды орнату процесі өнімнің
қосулы болуын және Готово (Дайын) күйінде болуын қажет етеді. Өнім бағдарламалық құралды
орнату процесі кезінде және баспа тапсырмасын алған кезде ұйқы режимінен оянуы үшін мына
параметрді реттеңіз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басқару
Жалпы параметрлер
Қуат параметрлері
Ұйқы таймерінің параметрлері
Ояту/автоматты қосу жағдайлары
б. Барлық оқиғалар опциясын бөлектеп, OK түймесін басыңыз.
3. Бағдарламалық құралды ықшам дискіден орнатыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Ұсынылғанда Осы компьютерге USB кабелі арқылы тікелей жалғау опциясын таңдап, одан кейін
Келесі түймешігін басыңыз.
12 2-тарау Өнімді жалғау және бағдарламаны орнату KKWW