HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

Өнім есептері
Өнім есептері өнім және оның ағымдағы конфигурациясы туралы мәліметтер береді. Есептерді басып
шығару үшін төмендегі процедураны пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймешігін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басқару
Есептер
3. Есепті басып шығару үшін, қарап шығу керек есептің атауын таңдап, Басып шығару опциясына
жылжып, содан соң OK түймешігін басыңыз.
Кесте 1-1 Reports (Есептер) мәзірі
Бірінші деңгей Екінші деңгей Сипаттама
Конфигурация/күй беттері Басқару мәзірінің картасы Басқару мәзірінің құрылымын көрсетеді.
Ағымдағы параметрлер беті Басқару мәзіріндегі әр опция үшін ағымдағы
параметрлерді көрсетеді.
Конфигурация беті Өнім параметрлерін және орнатылған қосалқы
құралдарды көрсетеді.
Жабдықтар күйінің беті Жабдықтардың шамаланған жарамдылық
мерзімін көрсетеді және өңделген беттер мен
тапсырмалардың жалпы саны, сериялық
нөмір, бет сандары және техникалық қызмет
көрсету ақпараты бойынша статистика есебін
береді.
HP компаниясы тұтынушыға қолайлы болуы
үшін жабдықтардың шамамен қалған қызмет
мерзімімен қамтамасыз етеді. Нақты қалған
жабдық деңгейлері шамамен берілген
мәндерден өзгеше болуы мүмкін.
Пайдалану беті Өнім арқылы өткен барлық қағаз
өлшемдерінің санын басып шығарады;
симплексті немесе дуплексті болған кездерінің
тізімін береді және беттер санының есебін
береді.
Файл каталогының беті Өнім жадында сақталған файлдардың файл
және қалта атауларын көрсетеді.
Веб-қызметтердің күйі беті Өнім үшін анықталған веб-қызметтерді
көрсетеді.
Басқа беттер PCL қаріптер тізімі Қол жетімді PCL қаріптерін басып шығарады.
PS қаріптер тізімі Қол жетімді HP postscript 3 деңгейіндегі
эмуляция қаріптерін басып шығарады.
10 1-тарау Өніммен танысу KKWW