HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Оңай қолданылатын USB баспа ақаулықтарын жою
●
USB құрылғысы енгізілгенде USB ішінен шығару мәзірі ашылмайды
●
Файл USB құрылғысынан басып шығармайды
●
Басылатын файл USB жадынан шығарып алу мәзірінде көрсетілмеген
USB құрылғысы енгізілгенде USB ішінен шығару мәзірі ашылмайды
1. Оны қолданбас бұрын осы мүмкіндікті қосу қажет.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Жалпы параметрлер
●
USB құрылғысынан шығаруды қосу
б. Қосу опциясын бөлектеп, OK түймешігін басыңыз.
2. Осы құрылғы қолдамайтын USB құрылғысы немесе файл жүйесі қолданылған болуы мүмкін.
Файлдарды FAT (File Allocation Table) файл жүйелерін пайдаланатын стандартты USB құрылғысына
сақтаңыз. Өнім FAT32 USB құрылғыларына қолдау көрсетеді.
3. Басқа мәзір бұрыннан ашық болса, оны жауып, USB құрылғысын шығарып, қайта салыңыз.
4. USB құрылғысында бірнеше бөліктер болуы мүмкін. (USB құрылғысының кейбір өндірушілері
бағдарламалық құралды ықшам дискісі сияқты бөліктерді жасайтын қосалқы құралда орнатады).
Бөліктерді өшіру үшін USB құрылғысын қайта пішімдеңіз немесе USB құрылғысының басқа түрін
қолданыңыз.
5. USB құрылғысы өнім беретіннен көбірек қуатты талап етуі мүмкін.
а. USB құрылғысын алып тастаңыз.
ә. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б. Өз электр қуаты бар немесе аз қуатты қажет ететін USB құрылғысын пайдаланыңыз.
6. USB құрылғысы дұрыс істемей тұрған болуы мүмкін.
а. USB құрылғысын алып тастаңыз.
ә. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б. Басқа USB құрылғысынан басып шығаруға әрекет жасаңыз.
Файл USB құрылғысынан басып шығармайды
1. Науада қағаздың бар екенін тексеріңіз.
2. Басқару тақтасындағы қате хабарларын қараңыз. Құрылғыда қағаз тұрып қалса, кептемені жойыңыз.
156 7-тарау Мәселелерді шешу KKWW