HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Тонер картриджінің күйін тексеру
Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін тексеру және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Есептер
●
Конфигурация/күй беттері
3. Жабдықтар күйі опциясын таңдаңыз.
4. Есепті басып шығару үшін, Басып шығару параметрін бөлектеп, OK түймесін басыңыз.
5. Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеріңіз.
Басып шығару сапасының мәселелері шамаланған қызмет мерзімі аяқталатын тонер картриджін
пайдаланғанда орын алуы мүмкін. Жабдық күйінің беті жабдық күйінің өте төмен екенін көрсетеді. HP
жабдығы ең төменгі шегіне жеткенде, ол жабдыққа арналған HP бастапқы қорғау кепілдігі
аяқталады.
Басып шығару сапасы жарамсыз болып кетпесе, жабдықты қазір ауыстырудың қажеті жоқ. Баспа
сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз.
Тонер картриджін немесе басқа ауыстыруға болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерін
ауыстыру керектігін анықтасаңыз, жабдық күйінің беті түпнұсқа HP бөлігінің нөмірлерін көрсетеді.
6. Түпнұсқа HP картриджін пайдаланып жатқаныңызды көру үшін тексеріңіз.
Түпнұсқалық HP тонер картриджінде «HP» сөзі немесе HP логотипі болады. HP картридждерін
анықтау туралы қосымша ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан қараңыз.
HP компаниясы жаңа немесе қайта өндірілген HP шығармаған жабдықтарды пайдалануды
ұсынбайды. Олар HP компаниясының өнімдері болмағандықтан, HP компаниясы олардың әзірленуіне
ықпал ете алмайды және сапасын бақылай алмайды. Егер қайта толтырылған немесе қайта
өндірілген тонер картриджін пайдаланып, баспа сапасына қанағаттанбасаңыз, тонер картриджін
түпнұсқа HP тонер картриджімен ауыстырыңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару
Төмендегі мәселелерді кез келгені болғанда шаңды және артық тонерді алып тастау үшін тазалағыш бетті
басып шығарыңыз:
●
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
●
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
150 7-тарау Мәселелерді шешу KKWW