HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Кептелісті жою параметрін өзгертіңіз
Бұл өнім кептелген беттерді қайта басып шығаратын кептелуді тазалау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Жалпы параметрлер
●
Кептелген жерді қалпына келтіру
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
●
Автоматты: Өнім жеткілікті жад болған кезде кептелген беттерді қайта басып шығаруға
әрекеттенеді. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
●
Өшірілген: Өнім кептелген беттерді қайта басып шығаруға әрекеттенбейді. Ең соңғы беттерді
сақтауға ешқандай жад қолданылмайтындықтан, өнімділігі оңтайлы болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелістен қалпына келтіру (Восстановление после замятия) Өшірілген күйіне
орнатылған болса, екі жақты тапсырманы басып шығарып жатқанда өнімде қағаз бітіп қалса,
кейбір беттер жоғалуы мүмкін.
●
Қосылған: Өнім кептелген беттерді әрқашанда қайта басып шығарады. Соңғы бірнеше беттерді
сақтауға қосымша жад бөлінеді.
4. Өзгертулерді сақтау үшін OK түймешігін басыңыз.
148 7-тарау Мәселелерді шешу KKWW