HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа өнімге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймешігін басып, Науалар элементін таңдаңыз. Науаның
қағаз түріне және өлшеміне дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
132 7-тарау Мәселелерді шешу KKWW