HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

Егер бет дұрыс басылып шықса, онда өнімнің ақпараттық құрылғысы жұмыс істеп тұрғанын білдіреді.
Ақаулық пайдаланып отырған компьютеріңізде, принтер драйверінде немесе бағдарламада.
6. Өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз. Бағдарламалық құралды тексеріп, өнімге
арналған принтер драйвері орнатылғанына көз жеткізіңіз. Принтер драйвері өніммен бірге берілген
ықшам дискіге жазылған. Сондай-ақ, принтер драйверін мына веб-тораптан жүктеп алуға болады:
www.hp.com/go/lj700M712_software.
7. Жұмыс істеп тұрған басқа бағдарламалық құралдан қысқа құжатты басып шығарыңыз. Егер шешім
нәтиже берсе, онда ақаулық пайдаланып отырған бағдарламалық құралда болуы мүмкін. Егер ол
мәселені шешпесе (құжат басылып шықпаса), мына қадамдарды аяқтаңыз:
а. Тапсырманы өнімнің бағдарламалық құралы орнатылған басқа бір компьютерден басып
шығарып көріңіз.
ә. Егер өнімді желіге қосқан болсаңыз, онда ол өнімді компьютерге тікелей USB кабелімен
қосыңыз. Өнімді тиісті портқа бағыттаңыз немесе қолданып отырған жаңа қосылудың түрін
таңдап, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өнімнің USB порты ажыратулы болып жеткізіледі. USB портын қосу және өнімнің
қосылым мүмкіндігін тексеру мақсатында пайдалану үшін, өнімнің Дайын күйінде болуын
қамтамасыз етіңіз.
KKWW «Мәселелерді шешу» тексеру парағы 127