HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
«Мәселелерді шешу» тексеру парағы
Өнімге қатысты мәселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
1. Егер басқару тақтасы бос немесе қара болса, мына қадамдарды аяқтаңыз:
а. Қуат сымын тексеріңіз.
ә. Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.
б. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сәйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу талаптарын
өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Қуат жолағы мен оның кернеуі талаптарға
сай болмаса, өнімді тікелей қуат розеткасына қосыңыз. Егер ол қуат розеткасына қосылып
тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
в. Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP компаниясының Пайдаланушыға қолдау
көрсету қызметімен байланысыңыз.
2. Басқару тақтасы Дайын күйін көрсетуі тиіс. Қате хабары пайда болса, қатені жойыңыз.
3. Кабельді тексеріңіз.
а. Өнім мен компьютердің немесе желілік порттың арасындағы кабельдің қосылған жерлерін
тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.
ә. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б. Желілік байланысты тексеріңіз.
4. Таңдалған қағаз өлшемі мен түрі техникалық сипаттамаларға сай екенін тексеріңіз. Сондай-ақ, өнімнің
басқару тақтасында Науалар мәзірін ашып, науаның қағаз түрі мен өлшемі үшін дұрыс теңшелгенін
тексеріңіз.
5. Конфигурация бетін басып шығарыңыз. Егер өнім желіге қосылған болса, HP Jetdirect беті де басылып
шығады.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Есептер
●
Конфигурация/күй беттері
б. Конфигурация беті опциясын таңдаңыз.
в. Бетті басып шығару үшін, Басып шығару параметрін бөлектеп, OK түймесін басыңыз.
Егер бет басылып шықпаса, кемінде бір науада қағаздың бар екенін тексеріңіз.
Өнімде қағаз кептеліп қалса, шығару үшін басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер бет дұрыс басылып шықпаса, онда ақаулық өнімнің аппараттық құрылғысында болуы керек. HP
компаниясының пайдаланушыға қолдау көрсету қызметімен байланысыңыз.
126 7-тарау Мәселелерді шешу KKWW