HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
HP енгізілген веб- сервері
Өнімнің күйін көру, өнімнің желі параметрлерін реттеу және басып шығару функцияларын өнімнің басқару
тақтасынан емес, компьютерден басқару үшін HP ендірілген веб-серверін пайдаланыңыз. HP ендірілген
веб-серверін қолдану арқылы орындалатын әрекеттердің мысалдары:
●
Өнім күйі туралы ақпаратты көру.
●
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
●
Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
●
Өнімнің басқару панелінің мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
●
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
●
Өнім мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
●
Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғышыңыз келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
●
Windows: Microsoft Internet Explorer 5.01 немесе соңғы шыққаны немесе Netscape 6.2 немесе соңғы
шыққаны
●
Mac OS X: Bonjour немесе IP мекенжайын қолдану арқылы Safari немесе Firefox бағдарламалық
құралын қолдану
●
Linux: Тек Netscape Navigator
●
HP-UX 10 және HP-UX 11: Netscape Navigator 4.7
HP ендірілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-сервері
IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және пайдалану үшін
Интернеттің болуы шарт емес.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
Енгізілген НР веб-серверін ашу
1. Өнімнің IP мекенжайын немесе хост атауын анықтаңыз. Өнімнің конфигурация бетін басып шығару
немесе қарау үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
–
Басқару
–
Есептер
–
Конфигурация/күй беттері
–
Конфигурация беті
110 6-тарау Өнімді басқару KKWW