HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
IP желі параметрлерін реттеу
Принтер ортақтасқан дисклеймері
HP бір рангті желіні қолдамайды, себебі мүмкіндік Microsoft амалдық жүйелерінің функциясы болып
табылады және HP баспа драйверлері емес. Microsoft компаниясының www.microsoft.com сайтына
барыңыз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
●
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол келесідей
қалыпта болады:
xxx.xxx.xxx.xxx
●
Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP мекенжайы таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Оның форматы мынаған ұқсас:
xxxx::xxxx:xxxx:xxxx:xxxx
2. HP ендірілген веб-серверін ашу үшін веб-браузердің мекенжай жолына IP мекенжайын теріңіз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
IPv4 мекенжайын, ішкі желі маскасын және әдепкі шлюзді қолмен орнату үшін, басқару тақтасындағы
Басқару мәзірлерін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Желі параметрлері
●
Jetdirect мәзірі
●
TCP/IP
●
IPV4 параметрлері
●
Конфигурация әдісі
3. Қолмен орындалатын опциясын бөлектеп, OK түймешігін басыңыз.
4. Қолмен енгізілетін параметрлер мәзірін бөлектеп, OK түймешігін басыңыз.
5. IP мекенжайы, Ішкі желі маскасы немесе Әдепкі шлюз опциясын таңдаңыз.
108 6-тарау Өнімді басқару KKWW