HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігін
пайдалану
Бұл өнімде Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерге жіберместен өнімнің басқару тақтасында жылдам басып шығара аласыз. Өнім өнімнің
алдындағы USB портында стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Төмендегі файл түрлерін басып
шығаруға болады:
●
.pdf
●
.prn
●
.pcl
●
.ps
●
.cht
Бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, USB портын қосуыңыз керек. Өнімнің басқару тақтасы мәзірлерінен
портты қосу үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Жалпы параметрлер
●
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Таңдауды сақтау үшін, Қосу параметрін бөлектеп, OK түймесін басыңыз.
Өнім баспа тапсырмасын алған кезде ұйқы режимінен шығуы үшін келесі параметрлерді теңшеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Жалпы параметрлер
●
Қуат параметрлері
●
Ұйқы таймерінің параметрлері
●
Ояту/автоматты қосу жағдайлары
3. Барлық оқиғалар параметрін бөлектеп, OK түймесін басыңыз.
104 5-тарау Басып шығару KKWW