HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
AirPrint өнім атауын өзгерту
1. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, компьютеріңіздегі қолдау көрсетілетін веб-шолғыштағы
мекенжай/URL өрісіне өнімнің IP мекенжайын немесе басты компьютер атауын енгізіңіз.
2. Желіге қосылу қойындысын басып, TCP/IP параметрлері опциясын, одан кейін Желі идентификаторы
опциясын таңдаңыз.
3. Bonjour қызмет атауы өрісіне жаңа атауды теріңіз.
4. Қолдану түймешігін басыңыз.
AirPrint проблемаларын шешу
Өнімнің AirPrint функциясын қолдайтынын тексеріңіз. www.hp.com/go/airprint бетіне өтіңіз.
Өнімнің енгізілген бағдарламалық құралын AirPrint функциясын
пайдалануға жаңартыңыз.
www.hp.com/go/lj700M712_rmware торабына өтіңіз.
Өнімнің Apple құрылғысы сияқты бірдей сымсыз желіге
қосылғанын тексеріңіз.
Өнімді желіге сымсыз маршрутизаторды немесе өнімге
орнатылған сымсыз қосалқы құралды пайдаланып қосыңыз.
HP енгізілген веб-серверінің AirPrint үшін реттелгенін тексеріңіз. 1. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, компьютеріңіздегі
қолдау көрсетілетін веб-шолғыштағы мекенжай/URL
өрісіне өнімнің IP мекенжайын немесе басты компьютер
атауын енгізіңіз.
2. Желіге қосылу қойындысын басып, Басқа параметрлер
опциясын таңдаңыз.
3. Келесі құсбелгілерді таңдаңыз:
–
Bonjour
–
AirPrint
–
Басып шығару IPP
4. Қолдану түймешігін басыңыз.
Apple өнімдерінің мына техникалық деректерге сәйкес келетінін
тексеріңіз.
●
Apple iOS 4.2 немесе одан кейінгі нұсқасы
●
3GS немесе одан кейінгі нұсқасы бар iPhone
●
iOS 4.2 немесе одан кейінгі нұсқасы бар iPad
●
Үшінші буын немесе одан кейінгі iPod Touch
Өнім баспа тапсырмасы қабылданған бойдан ұйқы режимінен
шығатындай етіп реттелгенін тексеріңіз.
1. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, компьютеріңіздегі
қолдау көрсетілетін веб-шолғыштағы мекенжай/URL
өрісіне өнімнің IP мекенжайын немесе басты компьютер
атауын енгізіңіз.
2. Жалпы қойындысын басып, Қуат параметрлері опциясын
таңдаңыз.
3. Ұйқы таймерінің параметрлері аймағында Ояту/автоматты
қосу жағдайлары опциясының астынан Барлық оқиғалар
элементін таңдаңыз.
4. Қолдану түймешігін басыңыз.
102 5-тарау Басып шығару KKWW