HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide

HP ePrint мобильді драйверін пайдалану
HP ePrint мобильді драйвері жұмыс үстелі компьютерінен немесе ноутбуктен кез келген HP ePrint
қолдайтын өнімге басып шығаруды оңай етеді. Драйверді орнатқаннан кейін бағдарлама ішінен Басып
шығару опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint Mobile драйверін таңдаңыз. Осы
жалғыз драйвер ePrintCenter есептік жазбасында тіркелген HP ePrint қолдайтын өнімдерді табуды оңай
етеді. Мақсатты HP өнімі үстелде немесе қашықтағы орында болуы мүмкін, мысалы, филиал кеңсесі немесе
дүние жүзінде – Интернетті пайдалана отырып қашықтан басып шығара аласыз. Мақсатты өнім дүниенің
кез келген бөлігінде бола алады, егер ол интернетке қосылған және ePrintCenter есептік жазбасында
тіркелген болса, басып шығару тапсырмасын өнімге жібере аласыз.
Windows үшін HP ePrint мобильді драйвері сонымен бірге қолдау көрсетілетін PostScript® өнімдеріне
желідегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дәстүрлі тікелей IP басып шығаруды қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін www.hp.com/go/eprintmobiledriver бетіне өтіңіз.
Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер
Windows® XP (32 биттік, SP 2 немесе жоғары)
ЕСКЕРТПЕ: Майкрософт Windows XP жүйесін негізгі қолдауды 2009 жылдың сәуірінде тоқтатты. HP
тоқтатылған XP амалдық жүйесін қолдау үшін күш салуды жалғастырады.
Windows Vista® (32 биттік және 64 биттік)
Windows 7 (32 биттік және 64 биттік)
Mac OS X 10.6, 10.7 және 10.8 нұсқасы
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint мобильді драйвері — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс үрдісінің қызметтік
бағдарламасы және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac үшін HP ePrint Mobile басып
шығару жолдарын тек ePrintcenter арқылы қолдайды және жергілікті желілік принтерлерге тікелей IP
басып шығаруды қолдамайды.
100 5-тарау Басып шығару KKWW